Сәду Бекенов: «Жерді саудалауды тоқтатуға тиіспіз»

Oinet.kz 09-07-2019 1135

Screenshot_10.jpg

Сәду Бекенов, Облыстық мәслихаттың депутаты, шаруа қожалықтың төрағасы

Естеріңізде болса, жер сатудың жобасын жасаған Ұлттық экономика министрлігі жердің игерілмей бос жатқанын қайта-қайта алға тартқан еді.  «Егер жерді жекеменшікке берсек, онда шаруа оған жанашырлықпен қарайды» деді. Ал бірақ шаруаның өзін тыңдасаңыз, мүлдем басқа жағдай. Жиында сөз алған облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұловтың жасаған баяндамасына қарағанда, Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде 39 мың гектар суармалы жер бос жатыр. Оның басты себебі ағын су жоқ. Каналдар тозған. Суару жүйесі ескірген. Су болмаған жерде ну болмасы бесенеден белгілі ғой.

 С.Әбдіқұлов аудандарды аралау барысында шаруалардан бірқатар ұсыныстардың түскенін айтты. Диқандар жерді жалға беру тәжірибесін жалғастыра беруді тәуір көреді екен. Сондай-ақ, жалға алған жерін 50 пайыздық жеңілдікпен сатып алғысы келетіндер де жоқ емес. Жердің құжаттарын рәсімдеуді оңтайландыруды ұсынғандар да болыпты. Басшылар құжат туралау үшін облыс орталығына шабыла бермей, ауданнан тындырудың жолын табуы тиіс.

Жерді 50 пайыздық жеңілдікпен сату деген ұсыныс облыстық мәслихаттың депутаты, Мақтаралдағы ірі шаруа қожалықтың төрағасы Сәду Бекеновке ұнаған жоқ. . 

-Мен Мақтаралдағы мақташылар қауымдастығының төрағасымын. Осы уақытқа дейін мұндай пікірді естігенім жоқ. Ұсынысты берген кім? Жер сатуға халықтың бәрі қарсы.  Ал оны қытай сатып ала ма, шүршіт сатып ала ма, белгісіз. Жерді саудалауды тоқтатуға тиіспіз. 49 жылға жалға беруді жалғастыра берген жөн. Жер сату мәселесіне референдум өткізілсін,-деді С.Бекенов.

Созақбай Әбдіқұлов бұған дейін мұндай ұсыныстың айтылмағанын, оның міндеті түрде хаттама енгізілетінін, Жер реформасы жөніндегі комиссияға жолданатынын жеткізді. Дегенмен...

Жиынға қатысқан қоғам белсендісі Жанысбек Өтеген бұл ұсынысты қолдай қоймады. Оның ойынша, Қазақстанда сайлаулардың қалай өтіп жүргені белгілі. Референдум да осы «тәжірибемен» өткізіліп, ертең жер сату 100 пайыз дауыс алып шығуы әбден мүмкін. 

Мұрағаттан, 2016 ж

Не істеу керек? Халық билікке, демократияға сену үшін...
Генерал Оспанов осыдан кейін де отставкіге кетпесе...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу