Алдымен тендер, кейін ақша ұсынды. Мақсұт Исаховтың соты жалғасуда

Oinet.kz 20-03-2024 336

img_5515-696x392.jpeg 

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховтың ісі бойынша ең басты куәгер Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарған, қазіргі уақытта істі болып, қамауда отырған Манап Сарбасовтан жауап алынды. Бұл туралы Otyrar.kz порталы хабарлады.

Айта кетері, Мақсұт Исахов Манап Сарбасовқа ірі көлемде—200 мың доллар пара берді деген айып бойынша сотталып жатыр. М.Сарбасов жауапты абықтада отырып берді. Жауап барысында ол сотталушымен тек сырттай таныс екендігін, үстінен іс қозғалған соң Мақсұт Исаховтың оны кездесуге шақырғанын, алдымен тендер, бұдан ірі кейін ірі көлемде ақша ұсынғанын, оның есесіне қылмыстық істі Антикорға беруді сұранған мәлім еткен.  

Алайда Исахов мұның бәрін жоққа шығарды. Оның айтуынша, Сарбасов қылмыстық істі жеке бастың араздығы, дәліргі есе қайтару үшін қозғаған.

--2021 жылдың жазының аяғына қарай біз сіздің өтінішіңіз бойынша Адырбеков көшесінде кездестік. Бұл кезде Адырбеков көшесінде  жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Сіз сол кездегі мәслихат депутаты Сұлтанды спорт мектебінің директоры қызметіне тағайындауды өтіндіңіз,-деген Мақсұт Исаховтың айтуынша, талап-тілекті орындамаған соң кейінірек Сарбасовтың «Исахов менің өтінішімді орындамады, мен одан есе қайтарамын» дегенін естіпті.

Алайда Сарбасовтың сотта берген жауабына қарағанда, Исахов алдымен 100 мың доллар ұсынған, бұдан кейін параның көлемін 200 мыңға көбейткен. Ол тіпті параны қалай беруді, тіпті құпия сөзді де өзі ойлап тапқан көрінеді.

Самат Әбіш шартты жазаға кесілді
«Іс қозғалды, тексеріп жатыр». Тұрғымбаев туралы министр Сәденов осылай деді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу