Тоқаев Путинді президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады

Oinet.kz 18-03-2024 219

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Мемлекет басшысы Ресей президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.

Айта кетейік, Ресей президентін сайлау 15-17 наурыз аралығында өткен болатын. Оған төрт үміткер қатысты: қазіргі Мемлекет басшысы Владимир Путин, ЛДПР-дан Леонид Слуцкий, КПРФ-дан Николай Харитонов және "Жаңа адамдар" партиясынан Владислав Даванков.

Бұған дейін Ресейдегі президент сайлауының үшінші күнінде елімізде сайлау учаскелері ашылғанын жазған едік. Ресей азаматтары Ресейдің Астанадағы елшілігінің консул бөлімінде, Алматыдағы бас консулдық пен Өскемен және Оралдағы консул бөлімшелерінде дауыс берді. 

Түркістанда «пара алмайтын» аудиторға сот үкімі шықты
Жандарбек МӘЛІБЕКОВ: «Біз таңбалы қазақпыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу