Жол салуға бөлінген 552 миллион теңгені жымқырғандар ұсталды

Oinet.kz 30-07-2019 1030

Screenshot_12.jpgКөрнекі фото

"ҚазАвтоЖол" ҰК" Маңғыстау облыстық филиалының басшысы "Альянс-ИКО" ЖШС директорының орынбасары және бас инженерімен ауыз жаласып, бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің дерегі бойынша, олар Өзбекстанмен шекаралас аумақта салынған республикалық маңыздағы "Бейнеу-Ақжігіт" жолын салуда жалған актілер толтырып, бюжеттің 552 млн теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген.

Бұл жолға бюджеттен ақша "Нұрлы-Жол" бағдарламасы бойынша бөлінген. Тергеу шаралары әлі жүргізіліп жатыр.

«Нұрлы жер» жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданатын болды
Тоқаев Францияның қаржы министрін қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу