Асхат Аймағамбетов қайда қызметке баратыны белгілі болды
Оғу-ағарту министрлігінің экс басшысы Асхат Аймағамбетов қайда қызметке баратыны белгілі болды. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мәлімдеді.
- Қазір мен жоғары оқу орындарының бірінде оқытушы болып жұмыс істеуге дайындалып жатырмын. Бұған дейін басқа да жоспарлар болды. Бірақ мен ұстаздықты таңдадым. Себебі бұл маған қызық. Кезінде ұстаз болып жұмыс істегендіктен, осы сала әрқашан жүрегіме жылы, жақын болып тұрады, - деді Асхат Аймағамбетов.