«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Британияның «Guardian» газетінің тілшісі Шон Уокер Петропавлдағы орыстармен әңгімелесіп, бұл өңірдің тұрғындары «Совет заманын аңсайды» деген тұжырымға келіпті. Уокер мырза: «Ресей Қырымды аннексиялаған соң, «Кремль Қазақстанның солтүстігін де басып алуы мүмкін» деген әңгімелер қиялдан жақын болашақта болуы ықтимал қатерге айналады. Жуырда президенттіке қайта сайланған 75 жасар Назарбаев этностар аралық келіспеушілікке жол бермей келеді, ол орнынан кеткен кезде Қазақстанның бүгінгі саясатынан наразы топтардың әрекеті этникалық қақтығыстарға себепші болуы мүмкін» деп жазады. Петропавлдағы Кирилл есімді 26 жасар орыс жігіті «қазақ тілін үйренуге мәжбүрлеп жатқанына» наразылық білдірген мыс.
«Қазақстандағы этникалық орыстардың құқықтарын шектеу жайлы хабарлар Сізді алаңдатпайды ма?» деген сауалға жауап бере келе, Путин Назарбаевты мақтап: «он создал государство на территории, на которой никогда государства не было», деп, исі қазақтаы таптаған болатын. Кезінде қазақ қоғамының ұлттық мүддені бекем ұстанған азаматтары Путиннің бұл сөздеріне қарсы өз наразылықтарын білдірді. Путиннің сол сөздерінен кейін қазақ мемлекеттігінің 550 жылыдығын атап өту мәселесі соны серпін алғандай болды.
Шон Уокер: «Көптеген сарапшылар келесі президент ұлтшыл болуы мүмкін деген пікір айтады. Ұлтшыл президенттің келуі Ресейдің Қазақстанға қатысты саясатын күрт өзгертіп, елдің солтүстік аймақтарындағы этникалық орыстарды сепаратистік тұрғыда арандатуы мүмкін» дейді.
Ал Американың «The Washington Post» газеті де Қазақстан туралы материал жариялап, «Украинадағы қақтығысқа себеп болған факторлар – орыс тілділердің қысым көріп, жапа шегуі мен антиресейлік көзқарастардың күшеюі – Қазақстанда бой көрсете бастады» деген ойларын ортаға салды. Қазақстан халқы президентін енді сайлап болғанына қарамай, «Guardian» мен «The Washington Post» газеттері келесі президент ұлтшыл болуы мүмкін деп, айқай салып жатыр. «The Washington Post» газеті де «Қазақстанда басқа ұлттарды қазақша сөйлеуге мәжбүрлеп жатыр, жыл санап қазақ тілінің қолдану аясы ұлғайып келеді» деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Ресми Вашингтонның рупоры болып есептелетін «The Washington Post»: «Назарбаев сепаратизмге қарсы қатаң жазалар қолдану жайлы шешім қабылдады, үкімет орыстар қалын қоныстанған аймақтарға қазақтарды көшіру бойынша шаралар қабылдап жатыр» деп жазады.
Аталмыш газеттің жазуынша, орыстар өз болашағы үшін қатты алаңдап отыр, осығын орай орыс қауымдарының басшылары Мәскеуден көмек сұрауға бел байлады. Орыс қауымының басшысы Юрий Бунаковтың айтуынша, «ауылды жерлерде сауатсыз жастар көп, оларды орыстарға қарата айдап салу қиын емес» депті. Юрий Бунаков Қырым аннексиясынан соң әлеуметтік желілерде антиресейлік көңіл-күйдің арта түскенін аңғарыпты. Сәуір айында орыс қауымы Кремльге хат жолдап, ресейшіл мәдени жобаларды қаржыландыруды өтініп хат жолдапты. Бунаковтың пікірінше, «Назарбааев биліктен кеткен соң, жағдай жаман жағына өзгереді» екен.
«Guardian» мен «The Washington Post» газеттеріндегі мақалалар постсоветтік елдердегі оқырмандардың үлкен қызығушылығын тудырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастарға орай түрлі жорамалдардың тууына себеп болды. Бірқатар оқырмандар: «Қазақтар – Қазақстан халқының жартысын да құрамайды, бұған қосымша олар тайпалар мен руларға бөлінген. Экономикалық билік пен байлыққа қол жеткізген техникалық элита негізінен орыстар мен орыстілділерден құралған, олар үшін «мягкое доминрование», яғни материалдық үстемдіктің өзі жеткілікті» дейді.
Басқа бір жағың қарысқыр оқырмандар: «Орыстар мен қазақтарды біріктіріп тұрған негіз жоқ, ал мұндай негіз болмаған мемлекет ұзаққа бармайды, арысымен 20-30 жылда Қазақстан деген мемлекет болмайды, бірақ бұл жойылу қайсы сценарий бойынша болатыны белгісіз, бір анығы – украиндық сценарийі бойынша болмайды, Қазақстанда 2000-і жылдардың басында Украинадағы жағдай тектес оқиғалар орын алған, бірақ қазақ билігі ол оқиғаларды жаншып, басып тастады, енді ондай оқиғалар қайталана қоймас» дейді.
«Бұл – орыс пен қазақты, Ресей мен Қазақстанды ұрыстырмақ болып отырған арандатушылардың әңгімесі, «Guardian» мен «The Washington Post» газеттерінің мақалаларын оқымаңыздар, қазақстандықтар «араб көктемінің» қайталануынан абай болуы керек, Британия мен АҚШ батысшыл оппозиция өкілдері мен исламшыларды қазақ билігіне айдап салуы ғажап емес» деп жанашырлық танытып жатқан ресейліктер де көп.
«АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы (ЦРУ) түрлі-түсті революция қарасаңында жүргізетін үгіт-насихат жұмыстарын бастап жіберді, олар ұлтаралық араздықты қоздырып, сол толқулардың жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқанын қалайды. ЦРУ-дің ұраны: «Ресейді қолдаған елдер – біздің келуімізді күтсін» дегенге саяды. Қазақстанлдық әрәптестер осыны ұмытпасын» деген тілектестер де көп.
Британияның «Guardian» газеті мен Американың «The Washington Post» газеті – әлемдік ақпарат майданындағы майталман әрі аса ықпалды басылымдар. Жалпы әлемдік қоғамдық пікірді Америка мен Британияның ақпараттық құралдары қалыптастыратынын айта кету керек. Олардың «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс».Әлімнің бүгінгі билеушісі – Вашингтон мен Еуроодақтың ресми органдары орналасқан Брюссельдегі түрлі институттар сол америқандық-британдық ақпарат құралдарының айтқандарына негізделіп шешім шығарып жатады, дұрысы – өздеріне керек пікір немесе ұстанымды жоғарыдағы сияқты БАҚ-тың аузына салып отырады. Қазақ қауымына, бірінші кезекте – қазақ билігіне бұл тұрғыда сақ болу керек. Қазақстанның тартымды имиджін қалыптастыру тек Сыртқы істер министрлігінің міндеті еместігін ұмытпағанымыз жөн. Большевиктер: «Из искры возгорится пламя», яғни ұшқыннан жалын лаулайды деуші еді. Әсіресе «Guardian» мен «The Washington Post» газеттері сияқты батыстық ұшқындардан абай болуымыз керек.
Мұрағаттан, 14.05.2015 ж