Сапарбаев ай қарап отырды ма?

Oinet.kz 14-04-2019 912

Screenshot_12.jpg

Өткен аптада мемлекет басшысы Өскеменге барып, бірқатар орталықтарды аралап, ел-жұртпен кездесті. Сапарының соңында өңірдегі жұмыстарға оң баға берді. Бірақ, даму қарқыны баяулау екенін, соны жетілдіруге ерінбей күш жұмсау қажеттігін баса айтты. Дегенмен, президенттің осы сапары тұсында әлеуметтік желіге жегілген жұрт Шығыс Қазақстан облысының әкімін жерінен жеткізіп сынға алды. Оған себеп те жоқ емес еді.  23 маусымға қараған түні Өскеменде Абай Құнанбаев пен Евгений Михаэлиске ескерткіш қойылған-ды. Ескерткіш деген аты болмаса, оның көркемдік сипаты тіптен сын көтермейді. Абай бабамызды қортық қылған бұл мүсін туралы әлеуметтік желілерде ашуға толы сан мыңдаған пікірлер жарияланды. Тілшілер облыстық әкімшілік қызметкерлерін сұрақтың астына алды. Қоғамдық пікірдің қарқынынан сескенген шығыстағы атқамінерлер ұрланып қойған әлгі ескерткішсымақтарын дереу алып тастады. Бірақ, біздіңше мәселе осымен біткен жоқ. Елдің намысын таптайын, ҰЛЫ тұлғаны мазақтаған «ескерткіштің» сызбасын кім мақұлдады? Бюджеттен қанша шығын кетті? Кеткен шығынды кім өтемек? Сауатсыз сәулетшілермен олардың жұмысын қабылдаған шенеуніктер халықтан кешірім сұрай ма? Ұлттық намысы бар тілшілер осы сұрақтарға айқын жауап таппайынша бұл мәселені жылы жауып қоймақ емес. 

Мұрағаттан: 26.06.2014

Күйеу бала. Ғалымжан Есенов
Шешен сөйлейтін шенеуніктер. Олар кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу