Храпунов енді экс-күйеу бала

Oinet.kz 13-04-2019 1002

Screenshot_17.jpg

Алматы қаласының бұрынғы әкімі, қызметтен кеткеннен кейін жиған-тергенін ұшаққа артып шетел асқан, енді қаржы полициясы соңына шырақ салып түсіп жүрген Виктор Храпуновты дәурені жүріп тұрғанда күйеу бала деп еркелететін едік. Енді Храпунов экс-күйеу бала болатын түрі бар.  Швейцариядағы Neue Zürcher Zeitung басылымының жазуынша ол жұбайы Ләйла Храпуновамен ажырасып кеткен. 

Аталған басылымның жазуынша «Швейцариядағы қазақтар арасындағы қырқыс билікке әжептәуір проблема туығызып жатыр». Храпуновпен бірге Швейцарияда бірге жүрген азаматтар өздерін әлдебіруердің соңына түсіп, арнайы бағдарламар арқылы  компьютерлеріне кіретіні жөнінде прокуратураға арызданыпты. Храпуновтың ұлы мен келінінің айтуынша, тыңшылар оларды 2010 жылдан бастап аңди бастаған. Көліктерінен GPS құрылғыларын да тауып алғанға ұқсайды. 2013 жылы Храпуновтың өзі және адвокаты өздеріне әлдебіреулердің тыныштық бермей, компьютерлеріне «шабуыл» жасайтынына шағымданыпты.  Женева прокуратурасы осы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастаған. 2014 жылдың басында бұл іс федералдық порокуратураның қолына өтіпті. Тыңшыларды кімдердің жібергені айтпаса да түсінікті. Егер тыңшылардың бары рас болса. Бәлкім бұл «қорыққанға қос көрінедінің» кері шығар. 

Әлгі мақалада Виктор Храпуновтың әйелі Ләйла Храпуновамен ажырасып кеткені тілге тиек етіліпті.  

Мұрағаттан: 12.06.2014


Алматы облысында үйлерді тонап келген қылмыстық топ ұсталды
Күйеу бала. Рахат Әлиев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу