Мемлекет басшысы кадрлық ауыс-түйіс жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай мен Моңғолиядағы Қазақстан елшілерін тағайындады.
Жалғас Әділбаев Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі қызметінен босатылды. Оның орнына Ғабит Қойшыбаев Қзаақстанның Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Шахрат Нұрышев Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Нұрышев 2015-2019 жылдар аралығында Қытайдағы Қазақстан елшісі болып қызмет еткен. 2019 жылдан бастап олсыртқы істер бірінші вице-министрі қызметіне ауысты.
Шахрат Нұрышевтің орнына Ақан Рахметуллин сырты істер вице-министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар президент Әділ Тұрсыновты сыртқы істер министрінің орынбасары етіп тағайындады.