Қазақстанды дамыту үшін қазақтарды даму керек - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Oinet.kz 02-02-2022 1428

Қазақстанды дамыту үшін қазақтарды дамыту керек. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Facebook парақшасында мәлімдеді.

Screenshot_5.jpg

"Шетелде оқып жүргенімде «Неге көптеген елдер кедей, тұрақсыз және теңсіз?» деп аталатын сабақ алдым. Содан «Қазақстан қайтсе дамиды?» деген атаумен жетпіс беттік курс жұмысын жаздым. Бұйырса, кітап етіп шығарып жіберу ойымда жүр.

Даму деген көптеген факторлар әсер ететін күрделі әрі кешенді түсінік.

Сол көп фактордың бірі – тілдің мазмұны. Бұл не деген сөз? Тарқатып айтайын. Қазақстанды дамыту үшін қазақтарды дамыту керек.

Қазақстан даму үшін осында тұратын әрбір адам дамуы керек. Келісесіз ғой? Адамның дамуы деген бәсекелестікке қабілетті білімге ие болу. Адам екі өлшемде дамиды: физиологиялық және интеллектуалдық. 

Адам интеллектуалдық тұрғыда даму үшін оған көптеген ақпарат керек. Әлемде ақпараттың мағынасы бір, бірақ әртүрлі тілде құлттанады. Егер ол тілді білмесеңіз, ақпараттың кілтін аша алмайсыз, яғни түсінбейсіз. Яғни, Қазақстан азаматтарын дамыту үшін (қазақтілді көпшілікті) адамзаттың ақыл-ойы, ақпараты қазақ тілінде болуға тиіс.

Қазақтарды дамыту үшін қазақ тілін дамыту керек.

Ал қазақтарды дамыту үшін не істеу керек? Қазақ тілін дамыту керек. Осы сөз кейбіреулердің шымбайына батады. «Қазақ тілі онсыз да дамыған тіл» дейді. Келісем. Бірақ қазір тілдің байлығы сол тілде бар сөздің санымен емес, сол тілде бар ақпараттың көлемімен өлшенеді. 

Егер тек қазақ тілін білетін жастарымыз мықты дәрігер немесе білікті инженер бола алмаса, тілді қалай дамыған деп айта аласыз. Тілде бар байлық, яғни ақпарат заманауи адамды интеллектуалдық тұрғыда байыта, дамыта алмаса, сөздік қордың көптігінен не пайда! Бір сөзбен айтсақ, кімнің ақпарат алатын тілі кедей болса, соның өзі де кедей болады", - деп жазды Шыңғыс Мұқан.

Мәди Ахметов Назарбаевтың билігін шектеу туралы заңды қолдады
«Адал болдым»: Бауыржан Байбек халықпен қоштасты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу