Тоқаев Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды

Oinet.kz 11-01-2022 1808

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін мәжілістың жалпы отырысында Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды.

Screenshot_7.jpg

Еске салайық, бұған дейін Әлихан Смайылов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. 

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын. Оған дейін 2009-2014 жылдар аралығында Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2019 жылы Үкімет отставкаға кеткенге дейін қаржы министрі болды. 2019 жылы 25 ақпаннан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі қызметіне мақұлданды.

Желіде Форт-Шевченко әкімінің мас күйінде түсірілген видеосы тарады
Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын бірауыздан қолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу