Тоқаев Назарбаевты басшылық лауазымға ұсынды

Oinet.kz 12-10-2021 4007

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде АӨІСШК Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынды.

Screenshot_2.jpg

12 қазанда астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр.

Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, сейсенбіде елдер кеңес жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Ғұламалар кеңесі туралы ережені қабылдауға тиіс.

"Келесі құжат – бұл Данагөйлер кеңесі туралы құжат. Біз оны бүгін қабылдауымыз қажет. Мүше мемлекеттер консультативтік-кеңес органын құруды қолдады және қазірдің өзінде мүшелікке кандидаттарды ұсыну басталып кетті. Бүгін біз Данагөйлер кеңесі туралы ережені бекітетін боламыз. Бүгін таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі құрылтайшысы кандидаттарына Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына тағайындауды ұсынды. Сіздер осы кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін", - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.

Қар жауғанын видеоға түсірген әйелден кешірім сұратқан ауыл әкімін қандай жаза күтіп тұр
Мектепте таяқ жеген 5-сынып оқушысы қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу