Тоқаев: Ең төменгі жалақыны 42500 теңгеден 60 мың теңгеге көтереміз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мың теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім шығарды.
“Сіздердің амандықтарыңыз – менің президент қызметіндегі ең басты мақсатым әрі тілегім. Сондықтан менің келесі бастамаларым ең алдымен халқымыздың әл ауқатын арттыруға арналады. Біріншіден, ең төменгі жалақыны қайта қарау қажет. Бұл ең маңызды макроиндикатор. Ең төменгі жалақы 2018 жылдан бері көтерілген жоқ. Әлемдік коронокризис халықтың табысына қысымды күшейтті. Ең төменгі жалақы деңгейі бойынша Қазақстан ТМД-ның бірқатар елдерінен төмен орналасқан. Сондықтан 2022 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42500-ден 60000-ға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдаймын. Бұл 1 миллионнан астам адамға тікелей әсер етеді. Ең төменгі жалақының өсуі ішкі тұтынудың өсуіне экономикалық жағынан оң әсерін тигізеді”,- дейді президент.