«Өзіне үш оқ ату мүмкін емес»: Сарбаз өзін атқанына туыстары сенбейді

Oinet.kz 19-06-2021 3620

Оралдағы әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың туыстары марқұмның өзіне қол салғанына сенбейді. Сөздерінше, қасында қаруластары бола тұра, оның мұндай қадамға баруы күмән туғызады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Screenshot_4.jpg

Жақында 21 жастағы Қолғанат Әшіровтің денесін жер қойнына тапсырды. 

21 жастағы Қолғанат Әшіровті бүгін жерледі. Сүйегін әкелген әскерилер оны ақтық сапарға шағырап салу рәсіміне қатысқан жоқ. Ал жақындары тергеушілерден жұмбақ өлімнің себебін анықтауды сұрап отыр. 

Марқұм осыдан жарты жыл бұрын Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Күнара ата-анасымен бейнебайланыспен сөйлесіп тұрыпты. Жақында туыстары сарбазға кездесуге барып қайтуды да жоспарлаған. Оның үйді сағынып ақырғы хатын қалдыруы мүмкін емес деп отыр. 

Ол мылтық шүріппесін басқанда қасындағылардың кедергі келтірмей, байқамай қалуы да күмән келтіреді дейді. Бұл қайғылы оқиға екі күн бұрын Оралдағы 5517 әскери бөлімінде таң ата болған. Қарауылға шыққан Қолғанат Әшіров өз қаруынан атылған. Қаралы отбасы тергеушілер қазір үш нұсқамен тексеріп жатқанын айтады.

«Басы шашылып қалған. Өзіне үш оқ ату мүмкін емес. Өз ешқашан ондай жасамайды. Бәрі суицид деп айтып жатыр. Мен келіспеймін. Жала жаппасын, менің баламды қараламасын», – дейді марқұмның анасы Гүлшат Жұбатқанова.

Боғауыз сөздерді боратқан педагог туралы бүкіл шындық белгілі болды
Қырғыздар: «Судың бәрін қазақ пен өзбек алып жатыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу