Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Биыл Орталық Азия елдерін су тапшылығы, құрғақшылық күн санап қысып бара жатыр. Тіпті судың басында отырған қырғыз шаруалары ағын судың қазақ пен өзбекке кетіп жатқанына наразы. Өткен аптада Бішкектегі үкімет үйіне Шу облысынан келген 300-ге жуық шаруа осылай деп шу шығарды.
Қырғыз депутаттарының мәлімдеуінше, Қырғыз үкіметі қазір Тоқтағұл су қоймасындағы суды Қазақстан мен Өзбекстанға жіберіп жатыр. Судың есесіне аталған елдерден электр қуатын алады. Депутаттардың ойынша, бұл дұрыс емес.
Наразылық білдіріп жатқан шаруалардың айтуынша, қазіргі уақытта егістік күйіп барады.
-Ағын суға қатысты тәртіп орнату керек. Егер су болмаса, біз өнімімізден айырыламыз. Қазірдің өзінде арпа мен бидай күйіп кетті. Ал біз егістікті егу үшін қаржыны несиеге алғанбыз. Енді не істейміз?-дейді шаруалар.
Егер ағын су бір аптаның ішінде берілмесе, егін толығымен қурап кетеді. Бұдан тек шаруалар ғана емес елдің бүкіл азық-түлік нарығы зардап шегеді.
Қырғыздың «Электр жүйелері» компаниясы 1 мауымнан бастап ағын судың Қазақстан мен Өзбекстанға кетіп жатқанын растады. Себебі аталған елдермен осындай келісім шарт жасалған. Ағын судың есесіне қос ел Қырғызстанға электр энергиясын беруде.
Депутаттар ағын су тапшылығына байланысты енді Қазақстан мен Өзбекстанға су берудің қажеті жоқтығын айтып отыр. Қырғыздың премьері Ұлықбек Марипов та осындай пікірді ұстанатынын білдірді. Ол енді көрші елдерден электр энергиясы ағын суға емес, тек нақты ақшаға сатып алуға уәде берді.