Асқар Мамин: Нақты жалақы мөлшері 221 мың теңгеге өседі
Қазақстанда нақты жалақының мөлшері 221 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.
Ол биыл жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 1,2 миллион адам қамтылатынын атап өтті.
"Нақты жалақының мөлшері 10 пайызға, яғни 221 мың теңгеге дейін артады деп жоспарланып отыр. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан аспайды", деді Мамин үкімет отырысында.