Экс-ректор Білім министрі Аймағамбетовтың үстінен Елбасы мен Президентке арыз жазды

Oinet.kz 19-04-2021 22215

Соңғы қызметі - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық универсиетінің ректоры болған, оған дейін Білім және Ғылым министрлігінде администраторлық жұмыстар мен мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры болып жұмыс істеген Анар Қайырбекова Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты "шетелдік агент" деп айыптады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Фотода Асхат Аймағамбетов, Анар Қайырбекова

Анар Қайырбекова бұл туралы Stanradar.com сайтында мәлімдеді. Экс-ректордың айтуынша, Білім министрі "Сорос" қоры қаржыландыратын оқу орнында білім алған.

- Асхат Аймағамбетов іс жүзінде ықпал агенттерін даярлайтын ұйым болған Мәскеудің саяси зерттеулер мектебінде оқыды. 

Бірақ ол Сорос қаржыландыратын ұйымда оқығанын, оппозиция мүшелерімен және шет мемлекеттердің барлау қауымдастықтарының өкілдерімен байланысы барын жасырын ұстайды.

2014 жылы Мәскеудің саяси зерттеулер мектебі - мемлекеттік төңкерістерді ұйымдастыру мақсатында батыстың жеке қорларынан қаржыландырылған шетелдік агенттер тізіліміне енгізілді.

Аталған мектептің түлектері Грузия, Украина, Беларуссия және Қырғызстандағы «түрлі-түсті» революциялар мен мемлекеттік төңкерістер дайындығына қатысты.

2021 жылы қаңтарда Ресей билігі Ресей Федерациясы Бас Прокуратурасының ұсынысы бойынша Мәскеу мектебін (Еуропа Кеңесі жанындағы Саяси зерттеулер мектептері қауымдастығының құрамына кіреді) жағымсыз ұйымдардың тізіміне қосты. Ресейдің конституциялық құрылымы мен қауіпсіздігіне қатер төндіргені үшін.

Өткен аптада мен Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына (Нұрсұлтан Назарбаевқа - автор) жазбаша өтініш жібердім. Өтініште ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Білім министрі Асхат Аймағамбетовке қатысты тергеу жүргізіп, оған қатысты барлық күдіктерді тексеруді тапсыруды сұрадым, - деді экс-ректор. 

Естеріңізде болса, Қайырбекова бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті 2009 жылы қорғап шыққан докторлық диссертациясына он жылдан кейін өзгертулер енгізді деп айыптаған болатын. 

Шымкенттің экс-әкімі "Қазақстан темір жолының" басшысы болып тағайындалды
Видеодағы әкімнің орынбасары мәжбүрлеп вакцина салдыруға қатысты пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу