Орыс өте шыдамды халық - саясаткер
20-06-2022
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Шәпкеновты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындады, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.
«Шәпкенов Серік Жамбулұлы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын» делінген хабарламада.
Бұған дейін ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып қызмет еткен.
Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысында Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономика және математика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. Осы жылдары ол Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымында жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2015-2016 жылдары - Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016 жылдан 2018 жылға дейін Атырау қаласының әкімі болып жұмыс істеді. 2018 жылдан 2020 жылға дейін ол Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2020 жылдың маусымында ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болды.