Назарбаевтың ұсынысымен Нығматулин Мәжіліс төрағасы болды
Тұңғыш президент, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Нұрлан Нығматулин жетінші шақырылымдағы Мәжілістің төрағасы болып сайланды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Заң бойынша Мәжіліс төрағасының кандидатурасын алғашқы отырыста депутаттардың өздері ұсынады. Мәжілістің алғашқы отырысында сөз алған депутат Дархан Мыңбай кешегі күні «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының отырысында Нығматулиннің кандидатурасын партия төрағасы Н.Назарбаевтың ұсынғанын мәлім етті. Сондай-ақ, Нығмсатудлиннің кандидатурасын Ассамблеядан сайланған депутат Сауытбек Әбдірахманов және басқалар қолдап сөйледі.
Дауыс беру кезінде Нығматулин бірауыздан Мәжіліс төрағасы болып сайланды.