2021 жылдың қаңтарынан бастап педагогтардың жалақысы 25 пайызға артады

Oinet.kz 27-12-2020 2894

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қай категориядағы мұғалімдердің айлығы 25% өсетінін айтты.

Білім министрі.jpg

«2021 жылдың қаңтарынан бастап барлық педагогтардың жалақысы 25 пайызға арттырылады. Айта кету керек, педагогтардың жалақысын көтеру туралы сөз қозғағанда біз тек мектеп мұғалімдерін ғана емес, балабақшалар, колледждер, қосымша білім беру жүйесінің педагогтерін де қамтимыз», — деді БҒМ басшысы ОКҚ онлайн-брифингінде.

Сондай-ақ министр, біліктілік санаты үшін қосымша төлемдер туралы еске салды: 

«Бізде мұғалім өз жалақысының 30-дан 50 пайызға дейін ала алады. Егер ол шебер болса, ол ай сайынғы қосымша төлем ретінде жалақысының 50 пайызын ала алады. Ағылшын тілінде пәндерді жүргізгені, дәптерлерді тексергені, сынып жетекшілігі, магистр дәрежесі үшін біздің әріптестеріміз алғаш рет ай сайын 27 мың теңге көлемінде қосымша ақы ала бастады», — деп қосты Асхат Аймағамбетов.

Боксшы қыз Президентке жемқорлық туралы ащы шындықты жеткізді
Қайыршыға көмектескен Сабина «Жыл меценаты» атанып, 500 мың теңге сыйақы алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу