Қорғаныс министрлігінің генералы Қайрат Көпбаев пара алғаны үшін сотталды

Oinet.kz 20-12-2020 2205

ҚР қорғаныс министрлігі кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаев пара алғаны үшін сотталды.

Пара.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісі бойынша ҚР қорғаныс министрлігі кадр департаментінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ) бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласы "Т. Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштерінің әскери институты" РММ-не офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.

Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен бірге, сот Қазақстан республикасы президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және "Құрмет" орденінен айыру туралы ұсыныс енгізеді.

Жүрсін Ерман қит етсе митингке шыға беретіндерді қатаң сынға алды
Елдің сүйіктісі болған Асхат Аймағамбетов мұғалімдерден неге алыстап кетті?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу