Депутаттық орын 200 мыңнан, 1 миллион долларға дейін сатылды
Премьер-министр құзыретін уақытша тоқтатқан, президенттіктен үміткен Садыр Жапаров осылай деп отыр. Өмірбек Текебаевтың «Конституция жобасы бізді 30 жылға кері лақтырады» деп мәлімдеген Жапаровтың пікірінше, «парламенттік басқару жүйесі кәсіпке айналып кетті».
«Жогорку Кенештегі әрбір орын 200 мыңнан басталып, 1 миллион долларға дейін сатылды. Халық та өз дауысын сата бастады. Халықтың дауысын сатып алған депутат халық үшін жұмыс істей ме? Керісінше, ол бес жылда осы қызметке салған ақшасын бірнеше есе өндіріп алуға тырысады. Он жылда біз соны көріп отырмыз», - деп жазды Жапаров.
Жаңа Конституция жобасы қоғам талқылауына биыл 17 қарашада ұсынылды. Құжатты Жогорку Кенештің 80 депутаты жазған деп хабарланған болатын.