Нұр-Сұлтан: Назарбаев әуежайында шу шықты
10-06-2022
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Нұр-Сұлтан қаласының атауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Түркістанның астана болуына негіз жоқ. Бірақ айтуының жөні бар ғой. Түркістанда тұратын, сол жақтың жағдайын білетін адамдар солай деп ойлайтын шығар. Тарихы өте үлкен. Қожа Ахмет Яссауи келіп, мұсылмандықты уағыздады. Бұл түріктілдес адамдардың мұсылман дініне ұласты. Жақс көретіні, сыйлайтыны сондықтан. Әсіресе, Түркиядан барлығы келгісі келеді, көргісі келеді. Солай болғаннан кейін ел астанасы болса деген ойлар бар шығар. Бірақ біз қазіргі астанамызды одан әрі ұлғайтамыз. 200 мың адамы бар бұрынғы Ақмола 1 млн 200 мың адамы бар шаһар болды. Нұр-Сұлтан деген ат болды. Мен оны ұсынған жоқпын, бірақ қарсы да болған жоқпын. Себебі, әрбір тасы менің нұсқауыммен, әрбір ,имарат менің қатысуыммен салынды. Сондықтан біз Нұр-Сұлтанды әрі қарай дамытамыз", - деді Елбасы.
Еске сала кетейік, 2019 жылы 23 наурызда Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атын "Нұр-Сұлтан" деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.
Конституциялық кеңес Тоқаевтың шешімі заңға сай келеді деп тапты.