«Жүзден жүйрік» шыққан журналистер
Оңтүстіктің ақпарат саласы қашанда қарбаласқа, өзгеріске толы. Мұны кешегі өткен «Нұр Отан» партиясының праймеризі де дәлелдеп берді. Саяси додаға Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан бір топ журналист ат қосты. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі хабарлайды.
Ғалымжан Зиябек
Партияішілік іріктеуде бақ сынаған бір топ танымал журналистердің көшін «Ордабасы оттары» газетінің директор-бас редакторы Ғалымжан Зиябеков бастады (58 пайыз).
Талғат Балтабаев
Шымкенттегі Қаратау ауданынан қатысқан, «Уақыт» газетінің бас редакторы Талғат Балтабаев 31 пайыз дауыспен жастар арасында жоғарғы нәтижеге қол жеткізді.
Махамбет Төлебеков
Арыстағы телеарнаның басшысы Махамбет Төлебеков пен Созақтағы аудандық газеттің бөлім меңгерушісі Нұржамал Майусованың да депутат болу мүмкіндігі бар.
Әлішер Сатвалдиев
Сайрам ауданынан бақ сынаған «Жанубий Қазақстан» басылымының бас редакторы Әлішер Сатвалдиев -22 пайыз алды.
Мөлдір Бекеева
Дастан Баширов
Мәлік Дәулетов
Нұршат Төкен
Сондай-ақ, «Отырар» телеарнасының тілшісі Мөлдір Бекеева, Oninfo.kz ақпараттық порталының басшысы Дастан Баширов, «Түркістан» газетінің директор-бас редакторы Мәлік Дәулетов, «Егемен Қазақстан» газетінің Шымкенттегі меншікті тілшісі Нұршат Төкен жап-жақсы нәтиже көрсетті. Мырзашөл өңіріндегі Гүлмира Саржанова мен Бейбіт Қазыбеков, Сарыағаштағы Мәлика Қанжарбекқызы сынды әріптестеріміз де додада көш соңында қалып қоймаған беделдеріне қуандық, барша журналистерге тілекші болдық, «тақым қысып отырдық».
Праймеризде «жүзден жүйрік» шыққан журналистер енді «мыңнан тұлпар» атанып, халықтың қалаулысы болсын деген тілек бар!