Қазақстан журналистері президентке арнап мәлімдеме жасады

Oinet.kz 06-04-2019 991

 WhatsApp Image 2019-03-23 at 13.15.47.jpeg

Қазақстанның теңқұқықтық журналистер федерациясы Азаттық пен "Настоящее Время" телеарнасы журналистері Сәния Тойкен мен Светлана Глушкованың сотқа тартылуына алаңдайды.

Ұйым биліктен және уақытша президенттен журналистерді қуғындауды тоқтатуын талап етіп, тілшілерге кәсіби міндетін еркін атқаруға жағдай жасауын сұрады.

Хат авторлары соттардың журналистерге әкімшілік айыппұл салуын саяси астары бар деп атайды.

"Екі әкімшілік іс те журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтіру үшін полиция бөлімшелері тарапынан қолдан ұйымдастырылған. Азаттық пен «Настоящее время» тілшілерін қуғындау ақпараттық кеңістікті тазартудың жаңа дәуірі басталғанынан хабар береді. Бұл құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдарды алаңдатады. Қазақстанда наразы көңілүйді бейтарап көрсететін тәуелсіз ақпарат құралы қалмауы мүмкін", - делінген мәлімдемеде.

2017 жылы Сәния Тойкен IWMF қорының "Журналистикадағы батырлығы үшін" сыйлығын алса, Светлана Глушкова PRI Human Rights Award-тың "БАҚ-та адам құқықтарын жиі көтергені үшін" марапатына ие болған.

 

WhatsApp Image 2019-03-29 at 10.53.33.jpeg

Мирзияевтің қызы министрдің орынбасары
Ақпарат министрі Президенттің қолындағы жүзік жайлы құпияны ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу