Аймағамбетов еліміздің барлық ұстаздарына жеке-жеке хат жолдады

Oinet.kz 08-08-2020 10666

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің түкпір-түкпіріндегі барлық ұстаздардың жеке почтасына хат жолдады. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі Newsroom+ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Screenshot_2.jpg

«Қымбатты әріптес!

Сіз осы қиын кезеңнен отбасыңызбен бірге аман-есен өтіп, денсаулығыңызға еш қауіп төнбейтін жағдайда жүрсіз деген үміттемін.

Сізге пандемия жағдайындағы баға жетпес ұстаздық еңбегіңіз үшін, жанкешті жұмысыңыз бен кез келген уақытта балаларымызға тіреу болуға деген ізгі ниетіңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Біз сізбен осынау қиын уақытты еңсеру жолындамыз. Коронавирус пандемиясы баршамыздың тұрмыс-тіршілігімізге әсер етті. Сүрінбей өтуге тиіс түрлі сынақтарға толы уақыт басталды»,- делінген министрдің жолдаған хатында.

Ұстаздарға жолданған хат соңын министр былай аяқтады:

«Алғыс айтудың ешқашан артықшылығы болмайды. Сондықтан мен сізге төртінші тоқсанда атқарған ерен еңбегіңіз үшін тағы бір мәрте рақметімді айтқым келеді. Сіз – нағыз батырсыз. Сіздің қуатты қолдауыңызды сезініп отырмын. Сол себепті де ертең балаларымыздың білімін жетілдіру жолында еш кедергі болмайтынына сенемін.

Біз техникалық және моральдық қиындықтарға қарамастан барлық қолайсыздықтарды жеңе аламыз.

Бірге болсақ, күшіміз бен мүмкіндіктеріміз де арта түспек. Қиын кезеңдер өтеді де кетеді, сынаққа сынбай, болашағына сенген жігері мықты адамдар ғана бәрін жеңеді!

Жаңа оқу жылында жолыққанша!»

Назарбаев: Тоқаевтың төңірегіне бірігу керек
«Хатты оқып көзіме жас алдым»: Министрден келген хат мұғалімдерді тебірентті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу