Тоқаев: «Аймағамбетов ойлану тиіс»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовқа балаларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу ісіне баса мән беруді тапсырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«Адамдарға жылдар бойы табиғатты ластамау керектігі түсіндірілмеген. Бұл бір. Екіншіден жануарлар әлемі туралы. Жақында Маңғыстау облысының Ақтау қаласында бір оқиға болды. Онда адамдар итбалықтарды таяқпен, таспен ұрып жүр. Екінші жағынан балалар мен жасөспірімдерді бұл қылықтары үшін тағы кінәлай алмайсың. Себебі үйде болсын, мектепте болсын оларға бұл әрекеттің дұрыс еместігін ешкім де түсіндірмеген. Мен итті қылқындырып, күшікті өртеп жіберетін «қатардағы» жағдайларды айтып тұрған жоқпын. Менің ойымша, Аймағамбетов (Білім және ғылым министрі) бұл мәселеге байланысты ойлануы тиіс», - деді мемлекет басшысы.