Тоқаев Біртановты қызметінен босатты
Елжан Біртанов Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет Басшысының Жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды", - делінген Президент қол қойған жарлықта.
Оның орнына Алексей Цой министр болып тағайындалды.