Бұрынғы вице-министр Камалжан Надыров коронавирустан емделіп шықты
Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«Камалжан Талғатұлы емделіп шықты. Қазір медициналық сауықтыру шараларымен қамтылды. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде», - деді Л. Бюрабекова. Осы орайда ол соңғы тексеру нәтижесінде Камалжан Надыровта инфекция анықталмағанын жеткізді.
Еске сала кетейік, 22 сәуірде Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды.