Ертең Тоқаев туған күнін қалай атап өтетіні белгілі болды

Oinet.kz 16-05-2020 4165

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында көпшіліктің көкейінде жүрген Қасым-Жомарт Кемелұлының туған күнінің атап өтілуіне қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

- Соңғы күндері бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері "Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?" деген сауал жолдап жатыр. Биылғы 17 мамыр жексенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған, - деді Берік Уәли.

Тоқаев президент өкілеттілігі туралы түзетулерге қол қойды
Израильдегі Қытай елшісі өлі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу