Израильдегі Қытай елшісі өлі табылды

Oinet.kz 17-05-2020 1456

Израильдегі Қытай елшісі өз резиденциясында өлі күйінде табылды. Полиция дипломаттың өлу себебін анықтап жатыр деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Израильдегі Қытай елшісі Ду Вэй жексенбі күні таңғы уақытта Тель-Авив қаласынан солтүстікке қарай орналасқан Герцлия қаласындағы резиденциясында өлі күйінде табылды. Ду Вэй Израильге 2020 жылдың қаңтар айында қонып аударған. Дипломаттың жасы 57-де болған. Артында жұбайы мен ұлы қалды. 

Израиль бұқаралық ақпарат құралдарының дерегіне сүйенсек, марқұмның денесінде зорлық белгілері, зақым алған іздер жоқ. Қазіргі уақытта полиция өлім себебін анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, дипломат жүрек талмасынан қайтыс болған. 

Ертең Тоқаев туған күнін қалай атап өтетіні белгілі болды
Айсұлтан Назарбаев қайырымдылық жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу