Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

Oinet.kz 12-05-2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Oinet.kz.

Screenshot_2.jpg

"Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады", деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді.

Тоқаев ертең мәлімдеме жасайды
Қызметкерлерінің 95 пайызы «әділ емес» деп бағалаған басшы орнында қала бере ме?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×