Тасқын қаупін әкімнің өзі әлеуметтік желіден білген

Oinet.kz 03-05-2020 826

Screenshot_9.png


-Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы апаттан соң көп көлемдегі судың Қазақстанға ағатынын Өзбекстан жағы алдын ала ескертпеген,-деп хабарлайды Oinet.kz. 

-Алдын ала ешқандай ескерту болған жоқ. Су тасқыны қаупінің бар екенін әлеуметтік желіден білдік. Кешкісін каналдағы су деңгейі көтерілді,-деді арнайы брифингте  Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов. 

Айта кетейік, 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы Сордаба су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы "ЦГК" каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған.Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр. Бірнеше елді мекенді су басты. Қазірдің өзінде жиырма мыңға жуық халық қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Сардоба су қоймасының құрылысы 2010 жылы басталып, 2017 жылы аяқталған. Бұл Мирзияев президент болғалы Өзбекстанда жүзеге асқан ең ірі жобалардың бірі саналады. Су қоймасындағы бөгеттің жарылуын екі себеппен түсіндіруге болады. Біріншісі, жобалауда кеткен қателік. Екіншісі, құрылыстың сапасыз жүргізілуі. 

Яғни, бәріне кінәлі жауапсыздық пен салғырттық. Осыдан кейін Мақтааралдағы су тасқынының табиғи апат емес, адам қолымен жасалған апат екендігі анық белгілі болып тұр. 

Су тасқынынан келген шығын айтыла бастады
Танымал саясаткер Сенаттың түкке де керегі жоқтығын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу