Мырзакенттің халқы түгелдей көшірілді

Oinet.kz 03-05-2020 1110


a5428cbe-3b90-40dc-816c-94aad590265b.jpg

Мақтаарал ауданындағы жағдай сағат санап өзгеріп жатыр. Су басу қаупі бар ауылдардың саны артып келеді. Кешегі күні төтенше жағдайлар қызметкерлері аудан орталығы Мырзакентке қауіп төніп тұрмағанын айтып еді. Кешкісін жағдай күрт өзгерді. Түн ортасында Мырзакентің тұрғындары толығымен көшірілді. 

- Мақтаарал ауданында орын алған жағдайға байланысты бұған дейін 2243 азамат  көшірілсе, кеше түстен кейін  су басу қаупі бар   Нұрлыжол мен Фердоуси ауылдарынан 3200-ден астам тұрғын қауіпсіз аймаққа шығарылды. Ал түнгі сағат 23:00-де 12 мың тұрғыны бар  Мырзакенттің халқы 68 автобуспен Атакент және Асықата  елді мекендеріне көшірілді. Себебі сарқынды су Мырзакенттің іргесіне жақындап қалған-тын. Арнайы штаб келісімімен халықты көшіру туралы шешім қабылданды.  Төтенше жағдайға байланысты ауданда  18  эвокуациялық орындар нақтыланып, олар Атакент, Мақтарал, Жамбыл елдімекендерінде әзірленді. Апаттан құтқару жұмыстарына 630 адам мен 2 су көлігі және 56 техника жұмылдырылды.  Қазіргі таңда қауіпті аймақтағы азаматтар мен үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіру шаралары ұйымдастырылуда.  Бұл жұмыстарға Келес, Жетісай, Шардара, Сарыағаш аудандарының әкімдіктері атсалысып жатыр,-деп хабарлады Мақтааралда құрылған төтенше жағдай жөніндегі штабтың қызметкері Айдар Сейдазым.   

Қазіргі уақытта Өзбекстан жақтан келетін судың көлемі азайып жатқан жоқ. Сол себепті  Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Фердоуси елдімекенін су басып қалуы қаупі туып тұр. Қазіргі таңда ауыл ортасындағы мектептің аумағында су көтерілген.

 


Келесі Сенат төрағасы Тоқаевтан кейінгі президенттің нақ өзі болуы әбден мүмкін
Су тасқынынан келген шығын айтыла бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу