Біртанов елімізде карантиннің созылатынын ескертті
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде карантин мамыр айының соңына дейін созылатынын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.
Біртанов карантинді алу туралы елдегі вирус жұқтырғандардың сан төмендей бастаған кезде ғана ойлану керектігін айтады.
"Әрине, адамдар қауіпсіздікті сақтауды үйренгенше, барлық елдердің үкіметтері шектеу шараларын сақтауға тура келеді. Біз осы қауіптен толық құтылмайынша, қандай да бір шектеу шаралары сақталады", - деді ол Instagram желісіндегі тікелей эфир кезінде.
Ол карантиндік шаралардың тиімділігі науқастардың қаншалықты пайда болуына байланысты болатынын атап өтті.