Қазақстанда бірден 77 коронавирус инфекциясы анықталды

Oinet.kz 21-04-2020 1278

Қазақстанда 20 сәуірде сағат 22:15-те коронавирус жұқтырғандардың тағы 77 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды  Oinet.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.

news_full1586248320bfa98437632a49a37430693fcdfa8794.jpg

20 сәуір 22:15-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 77 адам тіркелді. Оның ішінде Павлодар облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 1, Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы облысында - 6, Шымкент қаласында - 7, Алматы қаласында - 57 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 386 адам, Алматы қаласында – 606 адам, Қарағанды облысында - 93 адам, Ақмола облысында - 82 адам, Атырау облысында - 80 адам, Жамбыл облысында - 61 адам, Шымкент қаласында - 90 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 50 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 33 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 149 адам, Батыс Қазақстан облысында - 64 адам, Түркістан облысында - 60 адам, Қостанай облысында - 21 адам, жалпы 1852 науқас бар.

Дариға Назарбаева: «Біз сыпайы және әдепті болуымыз қажет»
Вице-министр 42 500 теңге төлемді тағайындамаудың 3 себебін атады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу