Филиппинде карантин ережесін бұзған қарт кісі оққа ұшты

Oinet.kz 07-04-2020 1071

Филиппинде полицейлер тәртіп сақшыларына сес көрсетіп, карантин ережесін бұзған қарт кісіге оқ атты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап. 

5734386be7ee41ad8a17ddbc5ecdf99e.jpg

Аталмыш оқиға 4 сәуірде, ауыл тұрғындарын коронавирусқа тексеру үшін қойылған арнайы орында болған. 63 жастағы ер адам маскасыз жүргендіктен оны тоқтатқан. Алайда ол жауап ретінде полицейлер мен басқа да билік өкілдеріне сес көрсеткен. Болжам бойынша, ол мас күйде болған болуы мүмкін. Қорғанбақ болған полицейлердің бірі ер адамды табельдік қарумен атып жіберген. 

Еске сала кетсек, Филиппин президенті Родриго Дутерте елде карантин ережелерін бұзғандарды атып тастауға бұйрық берген еді. Дегенмен бұл елдің бас полицейі Арчи Гамбоа тәртіп сақшыларының ешкімге қару кезенбейтінін айтып мәлімдеме жасаған болатын. 

Сондай-ақ, Кенияда полицейлер карантин ережесін бұзып, балконда 20 минут отырған 13 жастағы балаға оқ атқан еді. Жасөспірім ауруханада көз жұмған. 

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша әлемде 1 340 000 мыңнан астам адамнан коронвирус табылған. Ал Филлипинде 3,6 мың коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. COVID-19-дан 163 адам көз жұмса, тағы 73 адам сауығып шыққан. 

Әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың саны 74 мыңға жетті
Сеулде оқитын шымкенттік студент Оңтүстік Кореядағы коронавирустық жағдайды баяндады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу