Коронавирус Қытайдан бөлек 85 елге таралды

Oinet.kz 06-03-2020 919

Коронавирус Аспан асты елінен өзге 85 елге таралды. Жалпылама бұл вирусты жұқтырғандардың саны 95 мыңнан асты, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

 1583307598-stolica-s-su-koronavirus-maska-660x440.jpg

Әлемде коронавирустық инфекцияның 2241 жаңа жағдайы тіркелді, олардың 143-і Қытайда, делінген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұма күні жарияланған есебінде. 

ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде 95 333 адам инфекция жұқтырған, оның 80 565-і Қытайда, 14 768-і әлемнің 85 елінде. Жалпы, Қытайда 3015 адам (күніне 31 адам) және бүкіл әлем бойынша 267 (күніне 53 адам) жаңа коронавирус індетінен қайтыс болады. ДДСҰ әзірге коронавирусты емдеудің жолы табылмай отырғанына алаңдаулы.

 Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың өршуі 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайдың Ухань қаласында тіркелген.

 ДДСҰ оны көптеген індеттермен және халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялады.

 Бүгінде бұл вирус Қытайдан өзге Оңтүстік Корея, Италия және Иранда ең көп таралуда.

Әйтеновтің мерзімі бітті
«Nur Otan» сайлауалды тізімді бекітуге кірісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу