Талғат Қалиев Тоқаевтың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі болып тағайындалды

Oinet.kz 26-02-2020 946

Талғат Қалиев мемлекет басшасының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Талғат.jpg

"Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасы президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Дархан Қалетаевтың 22 ақпанда Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалғаны белгілі болды.

24 ақпанда мемлекет басшасы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған елшіні қабылдап, бірқатар нақты тапсырма берді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды одан әрі дамыту, сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар президент 25 ақпанда Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен және Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кездесті.

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 1146-ға жетті
Вице-министр жалақысының тең жартысы несие төлеуге кететінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу