Коронавирус құрбандарының саны 2663-ке жетті

Oinet.kz 25-02-2020 817

Соңғы мәліметтерге сүйенсек Қытай елі аумағында 508 адам өлімге әкеп соғатын пневмония жұқтырғаны белгілі болды. Ал, жалпы коронавирустан көз жұмғандардың саны 2663 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

preview_w698zc0.jpg

Бүгінде Қытайда 77 658 адам коронавируспен күресуде. Қазіргі уақытқа дейін 27 232 адам айығып, ауруханадан шықты. Ал, вирус құрбандарының саны 2 663 адамға жетіп отыр. Соңғы тәуліктегі қайғылы жағдайлардың бәрі Хубей провинциясында тіркелген.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда қызметкерлерінің бірінде коронавирус анықталуына байланысты Samsung Electronics компаниясы смартфон өндіру бойынша зауытын уақытша жапты.

- "22 ақпанда Gumi Complex кәсіпорнында жұмыс істейтін Samsung Electronics қызметкерінде COVID-19 коронавирусы анықталды", – деп хабар таратты CNN телеарнасы компанияның мәлімдемесіне сүйене отырып.

Белгілі болғандай, қатерлі дерт Куми қаласындағы зауытта жұмыс істейтін 28 жастағы қыздан анықталған. Болжам бойынша, ол ауруды 9 және 16 ақпанда "Синчхончжи" шіркеуінде болған жігітінен жұқтырған.

Ал еліміздің бас санитарлық дәрігері Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істеп жатқан 42 Қытай азаматы туралы мәселеге тоқталды – ол аталған өңірде жол салып жатқан қытайлық жұмысшыларға далада "лагерь" салынғанын мәлім етті.

Бас санитардың мәліметінше, қытайлық жұмысшылар Қазақстаннан өз елдеріне кете алады, алайда, қайта оралған кезде бірден карантинге жатқызылады. Құрылыс нысанында оларға арнайы карантиндік орын жасақталған.

Бекшин сондай-ақ жақында Қытайдан елге оралған төрт жұмысшының 16 күндік карантинге жатқызылғанын, олардан вирустың белгілері анықталмағанын атап өтті.

Алмасбек Мамытбеков - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Сапарбаев қант зауытының дихандар алдындағы қарыз мәселесін шешіп берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу