Украиналық борт қазақ азаматын Ухань қаласына эвакуациялады
Украиналық борт қазақ азаматын Ухань қаласына эвакуациялады. Ал, екінші қазақстандық қыздың дене қызуы көтеріңкі болған соң ол ұшаққа кіргізілмеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Алматыға келген қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы да, шағымы да жоқ. Дегенмен ол бәрібір де көп салалы ауруханада 14 күн карантинде болмақ.
Ал, Украина ұшағынан түсірілген екінші қазақстандық бойжеткен әзірге Қытайда қалады.
"Екінші қыздың температурсы 37 градус болғандықтан, оны кіргізбеген. Әдетте адамның температурасы көтерілген кезде қытайлық тарап осындай шара қолданады. Ол әзірге Қытайда қалады", - деді Денсаулық сақтау министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Петропавлда Таиландта демалып келген бір отбасының коронавирус күдігімен ауруханаға жеткізілгені хабарланған. Тексерістен кейін қолардан коронавирус инфекциясы анықталмағаны белгілі болды.
Сондай-ақ Иран елінде коронавирус салдарынан екі адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Марқұмдар Қытай азаматтарымен байланыста болмаған.