Ан-2 ұшағы құлады

Oinet.kz 20-02-2020 1480

Ресейдің Магадан қаласында вахтада жұмыс істейтіндерді таситын Ан-2 ұшағы 10 метр биіктікке көтеріліп барып, ұшу жолағынан шығып кетіп құлаған. Ұшақтың фюзеляжі мен қанаттары зақымдалды.

Бұл туралы РИА Новости РФ ТК Қиыр шығыстың көліктегі тергеу басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

ұшақ.jpg

Ан-2 жекеменшік ұшағы алтын өндірумен айналысатын "Т-Цемент" компания тиесілі. Магаданнан ұшпақ болған ол апатты жағдайда қайта қонған. Әуе кемесінің ішінде 14 адам болған. Олар өз бетімен борттан түсіп үлгерген. 

Жергілікті ТЖМ хабарлауынша, 7 адам зардап шекті. Бортта болған адамдардың бәрі ауруханада тексеруге жіберілді. Бір адам ауыр жағдайда жатыр. Тергеушілер тексерісті бастап кетті. Олар оқыс оқиғаның екі себепті болуы мүмкін екенін айтты: әуе кемесінің техникалық ақауы және ұшу ережелерінің сақталмауы.

Ұшақ чартерлік рейспен ұшып бара жатқан. Ол вахтада жұмыс істейтін жұмысшыларды жұмыс орнына жеткізуі тиіс болатын. 

«Дұға жасауларыңызды сұраймын». Атамбаевтың ұлы әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты
Қазақстандықтар жатқан лайнерде коронавирустан екі адам қаза болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу