Түркістанда жас жігітті 16 жасынан зорлап келген полицей абақтыға жабылды
Түркістан облысына қарасты Абай ауылында үш жыл бойы жасөспірімді зорлаған экс-полицей 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Жәбірленушінің адвокаты Айман Омарова Сәкен Сейітжапаровқа қарсы сот үкімі сәрсенбі, 19 ақпан күні шыққанын хабарлады. Прокурор 11 жыл сұраған, алайда судья Қасым Қалмағамбетов 15 жыл берді.
"Сейітжапаров 16 жастағы жәбірленушіні бірнеше жыл бойы зорлап келген. Оған бірнеше бап бойынша 15 жыл берілді. Оқиғадан кейін бес жыл өткен соң болған жағдайды дәлелдеу оңай болмады. Бірақ бұл біздің қолымыздан келді. Жәбірленуші мен жақындары сот әділ болатынына сенбеген еді", - деді адвокат.
2018 жылдың жаз айында Түркістан облысы Абай ауылының 22 жастағы тұрғынының жантүршігерлік оқиғасы туралы хабарланды. Жігіт өзін 16 жасынан бастап екі ер адамның зорлап келгенін және олардың біреуінің үстінде полиция формасы болғанын айтқан.
Алғаш рет оны 2012 жылдың наурыз айында зорлаған. Сұмдық қылмыс үш жыл бойы жалғасып келіпті. Айтуынша, зорлап қана қоймай, интимдік видеолармен бопсалап, ақша талап еткен. Баласының басынан өткен жағдай туралы білген кезде ата-анасы екі ер адамның үстінен шағымданған.
Жантүршігерлік оқиғадағы екінші жәбірлеуші 1979 жылы туған ер адам. Полицияның бұрынғы қызметкерінің әрекеті туралы білген ол да оқушыны зорлап, ақша бопсалай бастаған.
Айта кетейік, Түркістан облысында мектеп оқушысы жасөспірім баланы абайсызда өлтіріп қойды.