Коронавирус. Қаза болғандар саны 1886-ға жетті

Oinet.kz 18-02-2020 889

Коронавирустан қаза болғандар саны 1868-ге жетті. Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың саны 72,4 мың адамнан асты, оның 1,8 мыңнан астамы қайтыс болды, 12,5 мың адам емделіп, ауруханадан шығарылды. Осындай деректерді ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау мәселелері бойынша комитеті келтірді  - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

20200124_gaf_x99_294-900x_.jpg

Өткен тәулікте жалпы ел бойынша 1886 жұқтырудың расталған жағдайы анықталып, 98 өлім-жітім тіркелді, 1701 науқас шығарылды. Кеше ҚХР билігі 105 адам қаза тапқанын хабарлаған. РЕН ТВ арнасының есептеуінше, COVID-2019 коронавирусы жаңа өлім саны қатарынан бесінші күн бойы төмендеп жатыр.

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді - COVID-19.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті: «Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет»
Еліміздің қазба байлығы сарқылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу