Атырау облысында бес вагон рельстен шығып кетті

Oinet.kz 16-02-2020 942

Атырау облысында бес вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасаған Oinet.kz.

вагон.jpg

Төтенше жағдай Атырау облысының Индер ауданында орын алды. Гипсокартон мен құрғақ қоспа тиелген вагондар жеке иеліктегі теміржолмен жүріп келе жатқан. Ешкім зардап шеккен жоқ.

"Вагондардың неліктен рельстен шығып кеткенін облыстық көлік инспекциясы анықтап жатыр. Тексеріс аяқталған соң кінәлілерді әкімшілік жазаға тарту мәелесі шешіледі", - деп хабарлады Атырау облыстық көлік прокуратурасының өкілдері.

Айта кетейік, 15 қыркүйекте Алматы маңындағы Шамалған өткелінде орын алған қайғылы оқиға нәтижесінде 2 адам қаза тауып, 9 жолаушы жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында әйел және оның 2 баласы болды.

Жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушы көлігі салонында болған барлық жолаушылар автобустан шығып, аман қалды.

Соқтығысу салдарының құрбаны болған 2 адамның бірі - салонда қалған жолаушылар көлігінің жүргізушісі.

Сондай-ақ, 2 кішкентай баласы бар әйел де автобустан шыға алмай қалған. Олардың барлығы ауыр жарақат алды.

3 және 5 жастағы балалар аурухана төсегіне жатқызылды. Бастапқыда балалардың жағдайы ауыр деп бағаланды. Зардап шеккен қыздардың бірі біраз уақыт комада болды.

Тоқаев: «Ресей және Қытаймен көршілес болудың да артықшылықтары бар»
Тоқаев әлеуметтік желілердің жұмысын қалпына келтіруді тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу