Ричард Хаас: «Мюнхенде Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды ұстанымын білдірді»

Oinet.kz 16-02-2020 834

Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Қасым-Жомарт Тоқаев сындарлы әрі салмақты ұстанымын айтты. Бұл туралы Халықаралық қатынастар кеңесінің президенті Ричард Хаас мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме берген Oinet.kz.

Ричард.jpg

«Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Қасым-Жомарт Тоқаев сындарлы әрі салмақты ұстанымын айтты. Ол Орталық Азия тақырыбында, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастар тұрғысында баяндап берді. Осы орайда, Ресеймен және Қытаймен байланыстар жайында баяндады», - деді ол Мюнхен қауіпсіздік конференциясының аясында тілшілерге берген сұхбатында. 

Бұл тұрғыда Ричард Хаас Қазақстан Президенті панельдік пікірталастың негізгі мазмұнын егжей-тегжейлі ашып бергенін атап өтті. 

«Қасым-Жомарт Кемелұлының ұстанымы бүгінгі панельдік пікірталастың тақырыбына толық сәйкес келді. Осының негізі ретінде өңірлік өзара қарым-қатынасқа толық баға берілді. Президент мырза Орталық Азия өңірінің экономикалық әрі саяси дамуындағы Қазақстанның рөлі туралы атап өтті. Панельдік пікірталас қатысушыларына әлемдік сахнадағы Қазақстанның бастамалары мен ұстанымын толықтай түсіндірді», - деді Ричард Хаас. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азиядағы қазіргі жағдай» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты. 

Айта кетейік, ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Мюнхен конференциясында Орталық Азиядағы процестерге ерекше назар аударылғанын айтты.

Қордайда мүлкі зардап шеккен азаматтарға 3,9 млн теңге ақшалай көмек көрсетіледі
Тоқаев: «Ресей және Қытаймен көршілес болудың да артықшылықтары бар»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу