Коронавирус. Жұқпалы дерттен 1357 адам көз жұмды

Oinet.kz 13-02-2020 878

Қытай әскері Ухань қаласына қосымша 2,6 мың медициналық қызметкерлерді жібереді.

Бұл туралы Қытай орталық телеарнасы 13 қаңтарда хабарлады.

коронавирус.jpg

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин аталмыш шешімді бекітті. Қосымша күш Ухань қаласына теңіз, әуе, құрлықтағы әскер, ракетамен қаруланған әскер және тағы басқа әскери бөлімдерден жіберіледі.

Алғашқы 1,4 мың адам індет ошағына айналған Уханьға барып, жұмысына кірісіп кетті. Жалпы вирус тарағалы бері Қытай әскері 4 мың дәрігер мен медбикесі жіберді.

Айта кетейік, соңғы деректерге сүйенсек Қытайда коронавирус салдарынан қаза тапқандар саны 1357-ке жетті,  60 мыңнан астам адам вирус жұқтырды. 4740 адам ауруынан айықты.

Тоқаев Архимед Мұхамбетовті қабылдады
Сенген сотым сен болсаң...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу