Тоқаев: Бейбітшілік пен келісімді бұзуға ешкімнің құқығы жоқ
«Мемлекеттік орган қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!», - деп жазды Қазақстан президенті Twitter-дегі парақшасында.
Сонымен қатар Тоқаев ел азаматтарынан көптеген өтініштер келіп түсіп жатқанын алға тартты.
«Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім - елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету», - деп мәлімдеді мемлекет басшысы өз жазбасында.