Әжем берген түйіншек жолымды ашты
25-09-2022
Коронавирустың жаңа түрінен қаза болғандардың саны 8 ақпандағы таңғы уақыт бойынша, 724 адамға дейін өсті, оны жұқтырғандардың саны 34,8 мыңнан асады, сауығып кеткендер - 2050 адам, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Осылайша, құрбандардың саны бір тәулік ішінде 88 адамға көбейді. Оның алдында 636 адам қайтыс болғаны және 31,1 мыңы жұқтырғаны туралы ресми ақпарат хабарланған болатын.
Қайтыс болғандар мен ауруға шалдыққандардың көбі Ухан қаласында (Хубей провинциясы) тіркелген, онда коронавирус 2019-nCoV таралу ошағы орналасқан. Қытайдың басқа да провинцияларында тағы бірнеше адам қаза болды.
Қытай ғалымдары жаңа коронавирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін ағзаны атады. Бұл туралы Daily Mail жазды. Олардың мәліметінше, бұл панголин - қабыршағы Қытай халық медицинасында жиі қолданылатын жануар, ал етін Қытай мен Вьетнамда жейді.