Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасына хат жолдады

Oinet.kz 01-02-2020 932

Қазақстан Президенті ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге коронавирустың таралуына байланысты хат жолдады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.

2019081612232113685_2019062616191492304_2019062616114694409_.jpg

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына қауіпті вирусты тоқтату және жою жөніндегі Қытай басшылығының шешімдері мен іс-қимылдарын жоғары бағалай отырып, Қазақстан Үкіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізді.

Сондай-ақ Президент коронавирустың Қазақстан аумағында тарап кетпеуі үшін Үкіметтің қабылданып жатқан іс-шаралар туралы хабарлады.

Білім министрі: «Университетке оқуға 100 адам түседі, 800 адам бітіреді»
Тоқаев Путинді Көкшетауға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу